14.02.2024
10:21
1259
Мәди Такиев Мәжілістегі орнын босатты

Мәди Такиев Мәжілістегі орнын босатты

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Мәди Тәкиевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды. Өткен аптада ол жаңартылған Үкімет құрамында Қаржы министрі қызметіне тағайындалды.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы болып Татьяна Савельева сайланды.