20.02.2023
09:45
2041
Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

Мәдениет және спорт вице-министрі болып Сәрсен Құранбек тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Сәрсен Абайұлы Құранбек Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, – делінген хабарламада.