Мәдениет және спорт саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды

23 Қазан 2022, 19:11 1801

Награданы Ұлттық мереке қарсаңында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев табыстады

Мәдениет және спорт саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды. Бұл туралы El.kz салалық министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Sensitive нашар еститін бишілер театрының көркемдік жетекшісі Ольга Ростовщикова «Құрмет» орденімен марапатталды. Награданы Ұлттық мереке қарсаңында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев табыстады.

Сонымен қатар, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының жеңіл атлетика (сурдо) бойынша спортшысы Фархад Қыстаубаев, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының грек-рим күресі бойынша бас жаттықтырушысы Шонху Хайратаан, еркін күрестен белгілі жаттықтырушы, еңбек ардагері Аманжол Бұғыбаев, еңбек ардагері Ермек Жүсіпов, белгілі мүсінші, еңбек ардагері Асқар Нартов, еңбек ардагері Рысты Сариева және Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Айтжан Тоқтаған «Құрмет» орденімен марапатталды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экскурсия жөніндегі нұсқаушысы-мемлекеттік инспекторы Алтынбек Құрманов, Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры Гүлнар Саитова, Абай атындағы театр артисі Рысбүбі Төлеуханова, өнертанушы Шайзада Тоқтабаева және «Астана» КҚК бас атқарушы директоры Тастанбек Есентаев марапатталды.

Салтанатты рәсім барысында мәдениет, спорт, туризм және архив қыметкерлеріне «Шапағат» медалі табысталды, мәдениет саласындағы ерекше жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы тағайындалды, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен марапатталды.

Бөлісу: