Мәдениет және ақпарат министрлігі «Самұрық-Қазына» креативті индустрияны дамытудың бірлескен жоспарын іске қосты

7 Мамыр, 04:20 649

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың төрағалығымен Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Ұлытау облысы әкімдері орынбасарларымен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Жиын барысында креативті хабтардың материалдық-техникалық базасын жарақтандыру бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ-пен бірлескен іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Жоспарды ойдағыдай жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдар қабылдауға тиіс шаралар айқындалды. 

Вице-министр жоспарда көзделген міндеттерді жедел орындаудың маңызына тоқталып, туындаған мәселелерді шешуде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Жиынға қатысушылар атқарылған жұмыстар мен анықталған проблемалар туралы ақпарат алмасып, оларды шешу жолдарын талқылады. 

Отырыс соңында жоспарды іске асыру бойынша алдағы қадамдар, оның ішінде жергілікті атқарушы органдармен  бірлесе күш салып, Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау білдіретіні айтылды.

Тараптар ынтымақтастықта жұмыс істеуге үндеп, облыстық және жергілікті атқарушы органдарды креативті индустрияларды дамыту бойынша бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды.

Зарина Арман
Бөлісу: