Мәдениет министрлігі мен Tiktok Наурыз мейрамына орай фестиваль өткізді

29 Наурыз 2023, 17:43 653

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен TikTok қысқа видеороликтер жасауға арналған платформа Наурыз мейрамына орай онлайн-фестиваль өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Челлендж аясында қазақстандықтар мерекеге қатысты видеороликтер түсіріп, желіде жариялады. Еліміздің барлық өңіріндегі қолданушылар бір-бірін құттықтап, мерекелік тағамдар дайындады, халық әндерін орындады, мерекенің тарихы мен дәстүрлері туралы айтып, өз өңірлерінде Наурызды қалай атап өткендерін көрсетті.
 
Челлендж қосымшаны қолданушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. #Наурыз2023 хэштегі бойынша жарияланған роликтер 120 млн астам қаралым жинады. Ал үздік ролик авторлары Мәдениет және спорт министрлігі ұсынған сыйлық - Қазақстанның ең көрікті жерлеріне туристік жолдамамен марапатталды.
 
Онлайн-фестиваль қорытындысы бойынша еліміздің әр өңірінде Наурыз қалай тойланатыны туралы көркем суреттеме жасаған @malikatakira есімді автор бірінші орынды жеңіп алды. Ал екінші орынды қазақтың ұлттық тағамы - ет асудың отбасылық рецептімен  бөліскен @pak_lafamilia иеленді. Үшінші орынға «Қамажай» әніне билеп, ролик түсірген @kz_white_angel_kz қол жеткізді.

Жоба еліміздің әр өңіріндегі мейрамды атап өтудің ерекшеліктері туралы айтып, мәдениетіміздің алуан түрлілігін заманауи форматта көрсетуге мүмкіндік берді. TikTok платформасында жастар мен жасөспірімдердің белсенділігі күн сайын артып келеді. Ұлттық дәстүрлерімізді онлайн-платформалар арқылы осылайша кеңінен насихаттау өте маңызды», - деді ҚР МСМ ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.

TikTok өкілі де өз пікірін білдірді.

Біз Қазақстандағы үлкен қоғамдастықпен бірге Наурыз мерекесін атап өткенімізге өте қуаныштымыз. Осының арқасында дүниежүзі бойынша миллиондаған адам Қазақстан мәдениетінің қаншалықты әдемі және ерекше  екенін тамашалай алды, - деп атап өтті Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы TikTok операциялық бөлімінің басшысы Екатерина Блинец.

EL.KZ
Бөлісу: