Маңғыстау облысы ПД-ның хабарлауынша, «УАЗ» көлігінің жүргізушісі Шетпе ауылы бағытында келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Тойота Прадо» көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан оқиға орнында УАЗ жүргізушісі алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы бес адам түрлі дене жарақаттарын алған. Олардың барлығы облыстық ауруханаға жеткізілді.