Маңғыстау жастары тұлғалық және кәсібилік өсудің қыр-сырын меңгерді

2 Қазан 2019, 15:40 3062

Жастар жылы аясында Маңғыстау облысының Қазақстан халқы ассамблеясы «Жаңғыру ешілері» атты екікүндік шарасын ұйымдастырды.

Шараға қатысушылар 3 өзекті тренингке қатысты («Жаңғыру елшілерінің миссиясы», «Мотивацияның тиімді инструменттері» және «Ұжымдық мәдениет»).


Аталған тренингтерді Халықаралық Эриксон университетінің алтын сертифкатының (ACSTH) иегері Ақан Мергембаев өткізді.

Тренингтер барысында қатысушылар әртүрлі дамыту ойындарға (IQ-пазлдар, форсаж, Marshmallow Challenge), шешендік өнерінің шеберлік сыныбы мен коуч-сессияларға қатысты.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, шараның басты мақсаты әртүрлі салада жұмыс жасайтын жастарды маңызды білім мен әдіс-тәсілдерге үйрету болды.


Бөлісу: