Маңғыстау облысының Ассамблеясы Ақтаудың 55-жылдығы мен тілдер Күнін атап өтті

19 Қыркүйек 2018, 11:26 1744

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақтау қаласының 55 жылдығы мен Қазақстан халқы Тілдері күніне орай ауқымды шаралар өткізді.

Мерекелік шаралар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің Қазақстаным, менің Ақтауым!» деген атпен «Ақжелкен» балабақшасы және №10 орта мектебімен бірлесе өткізілді.

Оған этномәдени бірлестік пен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мүшелері – ұзын саны 100-ге жуық  адам қатысты.

Мерекелік шарада балабақша тәрбиеленушілері жасаған қолөнер бұйымдары көрермендерге назарына ұсынылды. Сонымен қатар шара барысында өзге тілде әндер шырқалып, өлеңдер оқылып, әр халықтың билері орындалып, флэшмоб ұйымдастырылды.

Этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері мерекеге қатысушыларды өз ана тілдерінде құттықтады.

Бөлісу: