Мәжіліс депутаты Юрий Тимощенко көкшетаулықтармен кездесті

15 Қаңтар 2020, 11:34 1926

Көкшетауда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Тимощенкомен кездесу өтті.

Оған Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының, облыстық Достық үйінің қызметкерлері және этномәдени бірлестіктердің басшылары қатысты.

Кездесу барысында Ю. Тимощенко депутаттардың заң шығару қызметі, мәжілісмендер жұмыс істеп жатқан жаңа заң жобалары туралы айтып, бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Атап айтқанда, қатысушылар ҚХА-ның 25 жылдығына орай этномәдени бірлестіктердің қызметіне қаржылай қолдау көрсету, гранттық қаржыландыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, депутатқа Достық үйі қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында олардың мәртебесін көтеру туралы ұсыныс айтылды.

Кездесу еркін форматта өтті, тараптар Ассамблеяның мерейтойлық жылында іс-шараларды мазмұнды және жоғары деңгейде өткізу туралы пікірлерімен алмасты.

Бөлісу: