Мәсімов ісі. Самат Әбіш куәгер болды

30 Шілде 2022, 00:40 1424

ҰҚК мәліметінше, ұсталған бұрынғы ведомство басшыларына қатысты қылмыстық ісі бойынша Самат Әбіш куәгер

ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша және істің басқа да айыпталушылардың ісі бойынша тергеуден өтті, - деп хабарлайды EL.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ, ҰҚК мәліметінше, ұсталған бұрынғы ведомство басшыларына қатысты қылмыстық ісі бойынша Самат Әбіш куәгер.

Әбіш Қ.Қ. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге, М.С. Осиповке және басқа да 175-баптың 1-бөлігінде, 179-баптың 3-бөлігінде, 218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағында, 362-баптың 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алынды. С.Әбішке қатысты қылмыстық істерді Ұлттық қауіпсіздік органдары тіркемеді, бұлтартпау шарасы таңдалмады, - деді ҰҚК баспасөз қызметі өкілдері.


EL.KZ
Бөлісу: