Мұрат Әбенов жаңа қызметке тағайындалды

7 Қазан 2022, 09:23 3056

Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жарияланды

Мұрат Әбенов Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттің пациенттердің құқықтарын қоғамдық негізде қорғау мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі болды, деп хабарлайды El.kz министрлікке сілтеме жасап.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың белгілі қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, тұтынушылардың құқықтарын қорғау коалициясының төрағасы Мұрат Әбеновпен кездесуінде белгілі болды.

«Кездесуде М.Әбенов МӘМС-тің ақшасы қайда кетіп жатыр деген сұрақ туындамас үшін науқастарға шығарылғаннан кейін көрсетілген қызметтер мен олардың құны көрсетілген тексеру парағын шығаруды ұсынды. Ажар Ғиният Мұрат Әбеновке медициналық көмектің сапасын жақсарту ісіндегі белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдіріп, пациенттердің құқықтарын қоғамдық негізде қорғау мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесші болуды ұсынды. Мұрат Әбенов өз кезегінде денсаулық сақтау министрлігі көрсетіп отырған ашықтық пен айқындық саясатын атап өтіп, медициналық көмек тұтынушыларының қанағаттанушылығын арттыру үшін бар күшін салатынына сендірді», - делінген министрлік хабарламасында.

Бөлісу: