Кеңес барысында мұнай-газ саласындағы еңбек мәселелерін, ел кәсіпорындарындағы еңбек қатынастары бойынша жағдайды және шетелдік жұмыс күшін тартатын компанияларды тексеру нәтижелерін талқылады.
Жиналысқа ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов, «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ, «QazaqGaz «ҰК» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.», NCOC, СNPC басшылары қатысты.
Тамара Дүйсенова өз сөзінде бүгінгі таңда мұнай-газ саласында 160 мыңнан астам адам жұмыс істейтінін, олардың еңбек құқықтарын қорғау ҚР ЕХӘҚМ негізгі міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өтті.
Министр жұмыс берушілердің бірдей біліктілік деңгейі бар қазақстандық және шетелдік мамандар үшін тең еңбек жағдайлары мен жалақыны қамтамасыз етудің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтаудың, сондай-ақ ҚР еңбек заңнамасының бұзылуына жол бермеудің маңыздылығын атап өтті.
Тамара Дүйсенова сондай-ақ жиналысқа қатысқан компаниялардың басшыларын еншілес және мердігерлік ұйымдармен: ұжымдық шарттар жасасу; жауапты мінез-құлық стандарттарын енгізу және корпоративтік мәдениетті қалыптастыру; қызметкерлердің қанағаттанушылығына қол жеткізу жөніндегі шараларды қамтитын кадр саясатын дамыту және т. б. жөніндегі жұмыстарды жүргізуге шақырды.