МӘМС бойынша стоматологиялық көмекті кім ала алады?

31 Тамыз 2022, 15:23 1103

Шұғыл стоматологиялық көмек төмендегі тізімде көрсетілген санаттағы азаматтарға қол жетімді

МӘМС арқылы тіс дәрігерінің қызметіне жүгіне алатындардың тізіміне азаматтардың жекелеген санаттары кіреді, деп хабарлайды El.kz

Сонымен, 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер жоспарлы стоматологиялық көмек ала алады.

Шұғыл стоматологиялық көмек төмендегі тізімде көрсетілген санаттағы азаматтарға қол жетімді:

18 жасқа дейінгі балалар;

Жүкті әйелдер;

Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар азаматтар;

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар;

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

Зейнеткерлер;

Инфекциялық, әлеуметтік мәні бар аурулармен және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурумен ауыратын науқастар;

Мүгедектігі бар баланы күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

Бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар.

Руслан Мухамадеев
Бөлісу: