«Мәміледе» оқып жүр талай ұлттың баласы

8 Қараша 2019, 09:37 2371

Ақтау қаласында «Қазақтану» жобасының аясында «Мәміле» пікірсайыс клубы ашылды. Аталмыш іс-шара барысында қазақ тілінің оқытушылары, этномәдени бірлестік өкілдері мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдірушілермен кездесті.


Клуб қатысушылары мемлекеттік тілді үйренуді жоба жетекшісі Қанат Тасыбековтың «Ситуативті қазақ тілі» әдіснамасы бойынша қолға алғалы отыр. Мұнда тіл ілімін игеруді грамматиканы жаттатудан бастамайды, қатысушылармен қазақ тілінде түрлі әңгіме-дүкен құрылып, интеллектуалды ойындар ұйымдастырылады. Жоба жетекшісі Қ.Тасыбеков мұндай үйрету тәсілін қабылдау мен игерудің дәстүрлі оқу әдістеріне қарағанда, анағұрлым ұтымды әрі нәтижелі екенін айтады. Клубтың ашылу салтанатынан кейін, алғашқы дәріс те басталды. Оған қатысушылар қазақ тілін үйренуде клуб ұсынған тәсілдің өздерінің қызығушылығын тудырғанын мойындады.


«Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІ сессиясында қазақ тілін, мәдениетін, тарихын насихаттауға бағытталған «Қазақтану» жобасын жүзеге асыру баса айтылған болатын. Осы жобаның басты міндеттері — қазақстандық этностар арасында қазақ халқының гуманитарлық және адамгершілік қағидаттарын қалыптастыру, Қазақстан халқының бірлігі мен достық дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа жалғастырудың жүйесін құру. Міне, осы мақсатта Ақтау қаласында тіл үйрету клубын аштық, - дейді «Мәміле» қоғамдық қорының директоры Қанат Ғалымұлы Тасыбеков.  

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.

Бөлісу: