Мұғалімдерге берілетін қосымша төлемге қатысты жалған ақпарат таралды

31 Тамыз 2022, 18:13 1337

Оқу-ағарту министрлігі жалған ақпарат туралы ескертті

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

«Әлеуметтік желілерде жаңартылған бағдарламалар бойынша мұғалімдерге берілетін қосымша төлемді алып тастау туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратып жатқандар бар. Қосымша төлемдер бұрынғыдай төлене береді. Сонымен қатар 2023 жылғы қаңтардан бастап ел Президентінің тапсырмасы бойынша жалақы 25%-ға өседі, сәйкесінше қосымша төлемдердің мөлшері де жалақыға сәйкес өседі», - делінген хабарламада.

Бөлісу: