Ұлытаудағы ұлы тойдың дүбірі естіледі

Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты атқарылатын шаралар республикалық деңгейде жалғасын тауып жатыр.

Осы ретте Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында өтетін мерекелік іс-шаралар туралы да айта кетейік. 

Тамыз айының 21-і мен 23-і аралығында Ұлытау ауданында ұлы той өтпек. Ұлттық спорт ұлықталып, қазақ тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін "Ұлт ұясы – Ұлытау" атты ауқымды шара өтеді. Шара аясында Ұлытау мен Байқоңыр селосы атсалыспақ.

Ұлытау селосында 22 тамыз күні сағат 15.00-де «Бәйге төбеде» қазақтың ұлттық ат спорты ойындарынан жарыс өткізіледі.

– Аламан бәйге 30 шақырым.  

– Тоқ бәйге 20 шақырым.

– Жорға жарыс 8 шақырым.

– Аударыспақ.

– Қыз қуу.

– Теңге алу.