Ұлытауда «Ұлы дала елінің киелі мұралары» акциясы басталды

14 Маусым 2018, 03:22 1670

Бүгін республикалық акцияның үшінші кезеңі салтанатты түрде ашылып, ұлт ұясы Ұлытаудан бастау алды. Атап айтар болсақ «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» атты республикалық тарихи-экологиялық акциясы Ұлытауда «Қасиетті жердің құндылығын қастерлейік» атауымен өз жалғасын тапты.

 

Сөз басын Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Байжантаев мырза ашты. Кешегі киелі тарих, Асан қайғы құтқа балаған қасиетті орынның тарихы, оның келешек ұрпаққа да берер маңызы зор екенін, бүгінгі республикалық акцияның осы бабалардың басы қосылған өңірден бастау алғаны зор мақтаныш екенін атап өтті. Қоғамдық келісім мекемесінің Жезқазған өңірі бойынша өкілі Амангелді Құрақбай басшылық атынан алғыс айтып, бүгінгі акцияда жастардың алар орны ерекше екенін тілге тиік етті. Біз тазалықты санамыздан бастап, ойымызды, бойымызды тазалап алсақ рухани жаңғыру сол болмақ, бұндай жағдайда атадан балаға мирас болып қалған мәдениетті, кешегі күннен қалған өркениеттің белгісіндей болған ескерткіштерді ешкім де құрта алмайтындығын айтты. Ақсақалдар алқасының төрағасы Әлімбек Жандарбеков атамыз ақ батасын берсе, Ұлытау аудандық қоғамдық келісімнің төрағасы Шаяхмет Үмбетов мырза ақ жол тіледі. Ән айтылып, би биленген акция Ассамблеяның ақ жалауын көтерумен жалғасты.

 

 Ассамблея жалауын салтанатты жағдайда көтерген Ә. Жандарбеков және Ш.Үмбетов мырза осылайша акцияның ашылғанын, алдағы уақытта да жалғасын тауып, береке мен бірліктің жалауы үнемі желбіреп  тұратынын айтты. Акцияға аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшелері, ауыл тұрғындары, селолық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шабаз Смайлов, аудандық мәслихаттың төрағасы Талғат Сейтжанов, ауданық Нұр Отан партиясының бірінші орынбасары Жағпар Бабатаев сондай-ақ мекеме басшылары, жастар, мектеп оқушылары арнайы келіп қатысты. Акция аудандық мұражайды аралаумен жалғасын тапты. Тарихтан сыр шертетін орынға барған жастар үлкен әсер алып қайтты. Акцияның негізгі мақсатының бірі тазалық жұмыстарын жүргізу. Осы орайда бір топ жастар және акцияға қатысушылар Ембұлаққа барып ақ қайыңдарға толы бұлақ басында тазалық жұмыстарын жүргізіп, айналаны тазартуға ат салысты. Көпшілік қатысып, қолдау білдірген бүгінгі акция өз деңгейінде өтті.

 

Танымдық,тағылымы мол шара одан әрі 18 маусым күні сағат 9:00 Қарағанды қ. Шахтерлер даңғылы 64 мекен-жайындағы Достық үйінде жалғасын тауып, аталған экспедиция 18-19 маусым күндері Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарында,  21-23 маусымда Шет, Ақтоғай аудандарында,  25-28 маусым Ұлытау ауданы және Жезқазған, Сәтпаев қалаларында жалғасады.

Бөлісу: