Ұлытау өңіріне сапар (фоторепортаж)

27 Қазан 2014, 14:19

Еl.kz редакциясы қазақтың осы қасиетті жеріне барып, арнайы фоторепортаж әзірлеп қайтты.

Қазақстан территориясының қақ ортасында, бүгінгі Қарағанды облысының аумағында Ұлытау орналасқан. Аудан ретінде Ұлытаудың тарихы ХХ ғасырдан кейінгі уақытты қамтығанымен, қазақ үшін киелі мекен ретінде Ұлытаудың тарихы жүздеген, тіпті мыңдаған жылдарды құрайды. Еl.kz редакциясы қазақтың осы қасиетті жеріне барып, арнайы фоторепортаж әзірлеп қайтты.

Ескерту: фотолардың бір бөлігі Ұлытау музейінен алынды.

Ұлытауға кіре бергенде ең алдымен көретініңіз осы ескерткіш. 

Ауылдың қақ ортасында «Хандарды ұлықтау ескерткіші» тұр. 

Ұлытау ауданында 14 мың адам тұрса, Ұлытау ауылында 2 мыңның төңірегінде адам тұрады. Суретте - Ұлытау ауылы. 

Тау етегінде Асан қайғы бабамыздың бата беріп тұрған сәті бейнеленген мүсін тұр. 

Қазақ хандары ұлықталған Хан Ордасы. Дәл осы жерде хандарды ақ киізге отырғызып, алаштың ханы деп жариялаған. 

Алтын Орда әмірі Ер Едіге мен Алтын Орданың және Көк Орданың ханы Тоқтамысқа арнап қойылған ескерткіштер. 

Қазақ жерін мекендеген ежелгі ата-бабаларымыздың тас бетіне жазған жазулары

Ұлытау көктемі

Жаз кезі Ұлытау өңірі гүлдеп, әсем табиғатымен кез келген адамды таңғалдырады.

Табиғат аясында өсіп-өнген саңырауқұлақ

Тау бөктерінен ағып жатқан шағын өзен

Қазақтың төл жануары жылқы малы Ұлытау төрінде құлыншағын ана сүтімен тойдыруда

Жігіт пен жылқы

Ұлытау күзі

Қыс мезгілі

Ұлытау өңірінің қысқаша фотосипаттамасы осы. Аталмыш жер туралы барлық суретті арнайы альбомнан көре аласыз. 

Дархан Өмірбек

Астана-Жезқазған-Сәтпаев-Жезді-Ұлытау-Астана

Бөлісу: