11.10.2022
15:25
2570
Ұлытау облысы ПД қызметкері қазақ күресінен чемпион атанды

Ұлытау облысы ПД қызметкері қазақ күресінен чемпион атанды

Атырау қаласында өтіп жатқан қазақ күресінен ел чемпионатында Ұлытау облысының Полиция департаментінің қызметкері чемпион атанды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Республиканың түкпір-түкпірінен жиналған балуандар арасында 82 келі салмақта бас жүлдені Ұлытау облысының ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгері Айдын Дәртаев жеңіп алды. 

Айдын Дәртаев 1992 жылы 9 желтоқсанда Қарағанды облысы, Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. Күрестің самбо және дзюдо түрлерінен ҚР спорт шебері (2011). ҚР бірнеше дүркін чемпионы. 

Самбодан жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы (2010, Грузия), дзюдодан әлем кубогының жеңімпазы (2005, Түркия), Азия біріншілігінің қола жүлдегері (2012, Ташкент). Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Самбодан ересектер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері.