Ұлытау әкімдігі Ақселеу Сейдімбектің ескерткішіне қатысты түсініктеме берді

10 Қыркүйек 2022, 23:06 1110

Біріншіден, ескерткіш не облыстық, не республикалық комиссияның қарауынан өткен жоқ!

Бүгін Жаңаарқа ауданында ел азаматы Ақселеу Сейдімбекке арналған ескерткіш ашылды, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали жазды.

Өкінішке орай, әрине, көркемдік орындалуы сын көтермейді. Осыған байланысты, аздаған түсінік беру орынды болар. Біріншіден, ескерткіш не облыстық, не республикалық комиссияның қарауынан өткен жоқ! Яғни, бірде-бір құзырлы мемлекеттік орган оны мақұлдаған жоқ. Дегенмен, эскизі ауызша түрде аудан әкімімен келісілген болатын, - деп жазды ол.

Екіншіден, ескерткішті жасап, орнатуға бюджеттен бір теңге де жұмсалмаған. Толығымын демеушілердің қаржысына істелген.

Үшіншіден, және, ең бастысы, ескерткішті жасауға тапсырысты Ақселеу ақсақалдың туған-туыстары жасады. Облыс әкімдігі бұған араласқан жоқ. Бұл түсініктемені жазудың себебі ақталу емес, бірақ түсінік беру. Енді бұл мәселемен аудан болып, облыс болып айналысамыз, орын алған олқылықты түзетеміз, - деп жазды Ғалымжан Құсманғали.

EL.KZ
Бөлісу: