Ұлылардың мекені – Абай облысы

8 Тамыз 2022, 17:05 2918

Көрнекті істер атқарылып, ірі жобалардың жоспары жасалуда

Ұлы Абайдың табанының ізі қалған, Алаштың астанасына айналған өңірде қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Облыстың инфрақұрылымы, әлеуеті мен экономикалық дамуы қандай? Осы және өзге де сауалдарға жауап іздеп көрдік.

Облыс – өңірді дамыту үшін бәсекелестік артықшылықтарға, қолданыстағы сауда және көлік дәліздерін жақсарту және жаңа құру үшін қолайлы географиялық жағдайға ие. Қолайлы географиялық жағдай аймақты транзиттік және көліктік тарату торабы ретінде дамытуға мүмкіндік береді. Өңір экономикасын дамытудың ең маңызды бағыты көлік-логистикалық қызмет болып табылады. Бұл үшін облыстың әлеуеті зор.

Абай облысының жалпы ауданы – 185,5 мың шаршы км. Халқының саны 2022 жылдың шілде айында 637,9 мың адамды құрады. Облыста 55 ірі және орта кәсіпорын жұмыс істейді, 2021 жылы 829,9 млрд.теңгеге жалпы көлемнің 90,8% - ға өнім өндірілген. Оның ішінде өнімнің 62%-ын бағалы металдар мен мыс кенін өндірумен айналысатын 5 кәсіпорын өндіреді.

Облыста бой көтеріп жатқан нысандар

Семей қаласы Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарын байланыстыратын ірі темір жол торабы болып табылады және бұрынғы ТМД-ның ірі аймақтарының көпшілігіне тікелей қатынай алады.

Заманауи жолаушылар мен жүк ұшақтарының басым көпшілігін қабылдауға қабілетті Семей қаласындағы қайта салынған әуежай да өңірдің көліктік қолжетімділігі мен әлеуетін арттыра түсті.

Семей қаласында ет комбинаттары («Өндіріс» кәсіпкерлікті дамыту индустриалды аймағында және Чекоман ауылында) салынып жатыр. Жылына тұрғындарды 600 тонна экологиялық таза өніммен консервіленген ет өнімдерімен қамтамасыз етпек.

Бұдан бөлек Чекоман ауылында бұрынғы шошқа фермасының аумағында «1400 бас ұсақ мал, 100 бас ірі қара малды өндіретін ет комбинатын салу және бордақылау кешендерінің желісін құру» жобасын жүзеге асыруға ниет білдіріп отырған компания бар. Мұнда 100 жұмыс орны ашылады.

Болашақта шикізат базасының болуы, қоршаған ортаны реттеу, кадрлық ресурстар мен инфрақұрылым сияқты аспектілерді ескере отырып, бұл зауыттар алыс шетелдерге, Қытайға, Таяу Шығысқа, Ресейге, ТМД елдеріне экспорттық әлеуетін арттыру перспективасына ие болмақ.

Өңірде құс шаруашылығын дамытуға да көңіл бөлініп отыр. Айта кетсек, Семей қаласындағы құс етін өндіретін ірі құс фабрикалары мен тауарлық жұмыртқа өндіру бойынша жаңадан дамып келе жатқан шаруашылық айналысады. Жоба аяқталғаннан кейін 2024 жылы тауарлық жұмыртқа өндірісі 60 миллион данаға жетіп, қала тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз ету 100 пайызды құрайтын болады.

Жалпы, облыста агроөнеркәсіптік кешен саласында 930 жұмыс орнын құрумен 49,4 млрд теңгені құрайтын 27 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Шетелдік және отандық инвесторлармен жұмыс

Өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды, сондай-ақ шетелдік инвесторларды тарту мақсатында Абай облысында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өңірлік даму институтын құру бойынша жұмыстар басталған.

Одан басқа кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында шетелдік және отандық инвесторлардың қаражаты есебінен ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылатын болады. Атап айтсақ, Жарма ауданы, Шар қаласының маңындағы жылдық қуаттылығы 1,2 млн. тонна цемент зауытын қалпына келтіру және жаңғырту жобасы тұр. Аталмыш жоба Сингапур инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылады. Инвестиция көлемі – 6,8 млрд.теңге, 385 жұмыс орны ашылады.


Сонымен қатар, Абай ауданында тау-кен байыту комбинатының құрылысына инвестиция көлемі – 4,2 млрд.теңге бөлініп, 177 жаңа жұмыс орны құрылады.

Келесі кезекте, Жарма ауданында хромиттерді байыту және жоғары көміртекті феррохром өндіру жобасы тұр. Жоба түрік холдингінің қатысуымен жүзеге асырылуда, инвестиция көлемі 33,8 млрд. теңге, 74 жұмыс орнын құрамақ.

Үржар ауданында катодты мыс өндіру зауытының құрылысына 14,9 млрд.теңге бөлінбек. 311-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады.

Тау-кен байыту комбинатының құрылысы және «Айдарлы» мыс кен орны мен «Жанарское» жер асты сулары кен орнын өнеркәсіптік игеру жобасына инвестиция көлемі 560,5 млрд. теңгені құрап отыр. 2199 жұмыс орындары құрылмақ.

Ағымдағы жылдың шілде айында Аягөз ауданында қуаттылығы 100 МВТ жел электростанциясы (Абай1) іске қосылып, инвестиция тартылып 13 жұмыс орны ашылды.

Семей қаласында ТЭЦ-3 салу жобасын іске асыру үшін инвесторларды іздеу және тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта ТЭО қайта қараcтырылуда.


Жұмыссыздық деңгейі мен еңбек мәселесі

2022 жылдың 1 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8% шегінде сақталды.  

2021 жылдың қорытындысы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 3% құрады (облыстық орташа көрсеткіш). 

Ағымдағы жылы облыстың қалалары мен аудандары бойынша 13477 жаңа жұмыс орындар (7 080 тұрақты, 6 397 уақытша) құру жоспарлануда, оның ішінде субсидияланатындар – 3 122, 129 инфрақұрылымдық жоба есебінен – 4015 және жеке бастамалар – 6340 жұмыс орны. Жеті айда 6747 жұмыс орны немесе жылдық жоспардың 50% құрылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы

«Мықты аймақтар – ел дамуының драйвері» бағдарламасы аясында Абай ауданының 2023-2025 жылдарға арналған энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы басым жобалардың тізбесі жасақталды. 

2023 жылға арналған «Ауыл ел бесігі» арнайы жобасы аясында ауылдардың көшелеріне жарықтандыру, бағдарлама бойынша аулалық балалық және спорттық алаңдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. 

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: