Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 96 жасында өмірден өтті. Енді тақ оның ұлы ханзада Чарльздың қолына өтіп, Карл III есімін алды, деп хабарлайды El.kz euronews.com сайтына сілтеме жасап.
Карл III Британия патшасы болып ресми түрде жұма күні жарияланады.
Елизавета II патшайымның денесі 10 күннен соң жерленеді. Оған дейін елде ұлттық аза тұту күні болмақ.
Патшайымның өмірден өткеніне байланысты көптеген елдің басшылары көңіл айту жеделхатын жолдады. Джо Байден, тіпті, өз мәлімдемесінде Елизавета II британ монархы ғана болып қоймағанын, ол тұтас дәуірдің бейнесін қалыптастырғанын атап өткен.