Лукашенко президенттік сайлауға қатысатынын мәлімдеді

25 Ақпан, 15:13 1033

Беларусь президенті Александр Лукашенко 2025 жылы президенттік сайлауға қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Belta.by мәліметінше, Александр Лукашенко Өкілдер палатасы мен жергілікті депутаттар кеңестерінің депутаттарын сайлауда дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрағына жауап берді.

Сайлауға қатысатынымды жеткізіңіздер! - деді мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Беларусь президентін сайлау 2025 жылы өтеді.

Жансая Әділбек
Бөлісу: