Ұлттық қордан ақша қай жылы туғандардан бастап беріледі?

3 Қыркүйек 2022, 12:08 1043

Министрдің айтуынша, бұл мәселе әлі пысықталып жатыр

Тек қана жаңа туған балаларға емес, 18 жасқа дейінгі барлық балаларға Ұлттық қордан ақша аударылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Бұл жоба 2024 жылдан бастап жүзеге асырылады. Қазіргі таңда жұмыс тобымен осы тапсырманы қарастырып жатырмыз. Жоба еліміздегі 18 жасқа дейінгі барлық балаларды қамтиды. Яғни, жаңа туған балаларға ғана емес, барлық балаға аударылады», - деді министр.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Ұлттық Қор табысының тең жартысын балалар шотына аударуды ұсынған болатын.

Миражан Махан
Бөлісу: