Ұлттық банк төрағасы Президентке есеп берді

7 Маусым 2022, 18:10 2014

Фото:

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында жүзеге асырылған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды El.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал, инфляцияға қатысты болжам және оның қарқыны, сондай-ақ алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы мәлімет берілді. Ғалымжан Пірматов Президентке мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы мен ұлттық төлем жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстарын айтты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға, инфляцияны ұстап тұруға және қор нарығының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді», делінген ақпаратта.


Бөлісу: