Ұлттық Құрылтай атына заты сай болуы тиіс – Тоқаев

16 Маусым 2022, 15:25 1497

Ұлытауда  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы басталды деп хабарлайды El.kz.

Ұлттық құрылтайдың құрамында  Мәжіліс депутаттары мен ҚХА мүшелерінен, азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдерінен, сарапшылар мен өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелерінен, кәсіпкерлерден құралған 117 адам бар.

-  Белсенді азаматтық ұстанымы бар орта буынның тәжірибесін ескереміз. Жаңаша ойлайтын жастардың тың идеяларын қолдаймыз. Құрылтайға парламент депутаттары, саяси партиялары мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері де шақырылды. Үкіметтік емес және кәсіби ұйымдардың өкілдері де шет қалған жоқ. Құрылтай құрамына өңірлі қоғамдық кеңсетердің мүшелерін қостық. Ұлттық құрылтай атына заты сай болып ел үмітін ақтайтынына сенемін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

-  Бізде түрлі пікір талас алаңдары бар. Бірақ, құрылтайдың орны бір бөлек. Құрылтай ең ауқымды жиын. Бірақ бұл жұмыстың сапасына кері әсер етпеуі керек.

Бұл жерде халықтың үні естілуге тиіс. Кез келген адамды құрылтайға қатыстыруға болмайды. Жұрттың мұң-мұқтажын, талап тілегін жеткізетін азаматтар бас қосу керек. Бұл ел бірлігін нығайтатын қоғамды ұйыстыратын тың идеялар оратлығы болатынына кәміл сенемін, деді президент.

 

Бөлісу: