08.06.2022
18:09
4167
Ұлттық құрылтай Ұлытауда өтеді

Ұлттық құрылтай Ұлытауда өтеді

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусым күні Ұлытауда өтеді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Telegram парақшасына жазды, деп хабарлайды El.kz.

Жазбада Мемлекеттік хатшы: «Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда жаңадан құрылған Ұлытау облысында өтеді. Аталған консультативтік-кеңесші органның құрамына Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен көрнекті сарапшылар, сондай-ақ өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері кіреді. Ұлттық құрылтайдың ең маңызды міндеттерінің бірі – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту бойынша идеялар ұсынып, қадамдар жасау»,- деді.