Астанада жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгінгі күні рельстің 11 шақырымы төселіп, бетонмен нығайтылды — бұл желінің эстакадалық бөлігінің жалпы ұзындығының 50% құрайды. Шпал төсеу және рельс монтаждау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес барлық учаскелерде жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары негізгі нысандардың — «Нұрлы жол» теміржол вокзалының, Халықаралық әуежайдың, Министрліктер үйінің және Республикалық бас мешіттің маңында жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта барлық құрылыс және инженерлік жұмыстар қалыпты режимде атқарылуда.
Оқи отырыңыздар:
Сонымен қатар, станциялар инфрақұрылымы мен электрмен жабдықтау жүйелерін дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Астанадағы жеңіл рельсті көлікті сынақтық іске қосу 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.