LRT ісі: Бірнеше адамға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

23 Тамыз 2022, 02:29 1087

Еске салсақ, елордадағы LRT-ның құрылысы 2019 жылы сәуірде тоқтатылған еді.

Р. М. Аманжолов және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс сотта қаралады, деп хабарлайды EL.KZ Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Р. М. Аманжолов және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының іс жүргізуіне қабылданды, - делінген елорда сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған қылмыстық іске қатысты алдын ала тыңдау 2022 жылғы 24 тамыз сағат 10:00-ға белгіленген.

Еске салсақ, елордадағы LRT-ның құрылысы 2019 жылы сәуірде тоқтатылған еді.

2020 жылдың қаңтарында LRT құрылысына қатысты істі тергеу шаралары аяқталды.

Сол жылы қазанда «Астана LRT» компаниясы бойынша іс сот қарауына жолданды.

Сондай-ақ, биыл 13 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана LRT» ЖШС Басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі сотқа жолданғаны туралы хабарлады.

EL.KZ
Бөлісу: