Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындаламын – Елдос Сметов

28 Тамыз, 21:08 425

Дзюдодан Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов карьерасын аяқтамайтынын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Франция астанасында 60 келіде үздік шыққан жерлесіміз енді 2028 жылы да атой салуды көздейді.

Осы уақытқа дейін Олимпиада алтынын алып, спорттағы карьерамды аяқтағым келді. Алайда Демеу Жадыраев 34 жасында Олимпиада ойындарында күміс медаль алғаннан кейін ойым өзгерді. Демеу мүмкін емес дүние жоғын дәлелдеді. Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындалып, көк туымызды тағы да биікке көтергім келеді, - дейді Елдос Сметов.

Зарина Арман
Бөлісу: