14.09.2025
22:45
478
Лондонда мигранттарға қарсы шеруге 100 мыңнан астам адам шықты

Лондонда мигранттарға қарсы шеруге 100 мыңнан астам адам шықты

Ұлыбританияда мигранттарға қарсы наразылықтардың жаңа толқыны басталып, соның ішінде ең ауқымдысы Лондонда өтті. Алдын ала есеп бойынша, көшеге 100 мыңнан астам адам шыққан, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Маршты ультраоңшыл ұйым ұйымдастырғанымен, оған қарапайым мыңдаған британиялық қосылды. Олар премьер-министр Кир Стармерге қарсы ұрандар айтып, ел астанасының орталығындағы үкіметтік ауданға бет алған. Бірақ полиция олардың жолын бөгеді. Көтеріліске шыққандар құқық қорғаушыларға тас, бөтелке лақтырған. Полиция күш қолдануға мәжбүр болған.

Ал екінші тарап босқындарды қорғауға арналған шеру ұйымдастарды. Мыңдаған адам көшеге шығып, биліктің көші-қон саясатына қолдау білдірді.