29.05.2024
21:14
1337
Лицензиялық турнирде бір боксшы жеңіске жетіп, екеуі ұтылды

Лицензиялық турнирде бір боксшы жеңіске жетіп, екеуі ұтылды

Таиланда бокстан өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирде еліміздің ерлер құрамасының өкілі Мұхамедсабыр Базарбайұлы үшігші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

63.5 келіде өнер көрсеткен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Италия боксшысы Жанлуиджи Малангадан 4:1 есебімен басым түсті.
Енді ол келесі жекпе жегінде кубалық Эрисланди Альвареспен ширек финалда сынға түседі. Аталған сын 31 мамыр күні өтеді. 

Сондай-ақ, бүгін 66 келіде Наталья Богданова сербиялық қарсыласына жол берсе, 60 келіде Римма Волосенко үнді қызы Анкушита Бороға есе жіберді.