29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЛионель Мессиге Аргентинада белгісіз біреулер қоқан-лоққы көрсетті, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, бір топ адам оның жұбайының отбасына тиесілі супермаркеттер желісі дүкендерінің есігін атқылаған. Олар есірткі сатушылар болуы мүмкін.
Футболшының туған қаласы – Росариода орын алған қылмыс орнында тіпті Мессиге арнап хат та қалдырып кеткен.
Месси, біз сені күтеміз. (Пабло) Хавкин (қала әкімі) – есірткі сатушы, ол саған көмектеспейді, - делінген хатта.
Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Билік нақты ақпарат ұсынудан бас тартты.
Қала әкімі Павло Хавкин Леоның қайынжұрты - Рокуццо отбасымен кездескенін айтқан. Ол есірткі сатушылар хабарламаны бұқараға тарату үшін Мессидің атын қолданғанына сенімді.
35 жастағы Месси – «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылдаушысы, Аргентина құрамасының капитаны.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек