Лионель Мессиге белгісіз біреулер қоқан-лоққы көрсетті

5 Наурыз 2023, 06:35 1096

Аргентинада футболшының зайыбына тиесілі дүкенге шабуыл жасалған

Лионель Мессиге Аргентинада белгісіз біреулер қоқан-лоққы көрсетті, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, бір топ адам оның жұбайының отбасына тиесілі супермаркеттер желісі дүкендерінің есігін атқылаған. Олар есірткі сатушылар болуы мүмкін.

Футболшының туған қаласы – Росариода орын алған қылмыс орнында тіпті Мессиге арнап хат та қалдырып кеткен.

Месси, біз сені күтеміз. (Пабло) Хавкин (қала әкімі) – есірткі сатушы, ол саған көмектеспейді, - делінген хатта.

Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Билік нақты ақпарат ұсынудан бас тартты.

Қала әкімі Павло Хавкин Леоның қайынжұрты - Рокуццо отбасымен кездескенін айтқан. Ол есірткі сатушылар хабарламаны бұқараға тарату үшін Мессидің атын қолданғанына сенімді.

35 жастағы Месси – «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылдаушысы, Аргентина құрамасының капитаны.

EL.KZ
Бөлісу: