АҚШ-тың «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси отанына оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Футболшы Аргентина құрамасы сапында 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында екі матчқа қатысады.
Оқи отырыңыз:
Әлем чемпионының қарсыластары – Эквадор мен Боливия. Аргентинаның іріктеу ойындары 8 (өз алаңында Эквадорды қабылдайды) және 12 қыркүйекте (сырт алаңда Боливиямен ойнайды) өтеді.
Құраманың бас бапкері Лионель Скалони оқу-жаттығу жиындарына 32 ойыншыны шақырған, олардың арасында «Интер Майами» капитаны Лионель Месси де бар.