Жазғы ыстықта ағзаға зиян келтірмей, шөлді қандыратын сусындарды дұрыс таңдай білу маңызды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ресейлік дәрігер-терапевт және диетолог Юлия Чехонина kp.ru сайтына берген сұхбатында аптап ыстықта өзіңді жайлы сезіну үшін ең тиімді сусын түрлерін атады.
Минералды су – кәдімгі судан да пайдалы болуы мүмкін, өйткені оның құрамында ағзаға қажетті минералдар бар. Жазда, күннің ыстығында және белсенділік артқанда, біз тек сұйықтық емес, маңызды минералдарды да жоғалтамыз. Минералды су осы тепе-теңдікті қалпына келтіріп, аяқ бұлшықеттеріндегі құрысулардың алдын алады, – дейді маман.
Диетолог жаз мезгілінде тұтынуға болатын мынадай сусындарды ұсынады:
Үй жағдайында дайындалған лимонад (жалбыз және райханмен),
Қышқыл сүт өнімдері (айран, кефир),
Жеміс компоттары.
Бұл сусындар тек шөлді басып қоймай, ағзадағы су балансын сақтауға көмектеседі.
Қара және көк шай – шөлді басу үшін ең тиімді таңдаулардың бірі. Бірақ ол ыстық та, мұздай да болмауы керек, бөлме температурасында немесе сәл салқын болғаны дұрыс. Мұндай шай жеңіл сергектік береді, – деп қосты Чехонина.
Ал кофеге келсек, оны ыстық күндері ішпеген жөн. Себебі, диетологтың айтуынша, кофе шөлді күшейтіп, зәр айдайтын қасиетке ие, бұл ағзадағы сұйықтықтың одан әрі азаюына әкелуі мүмкін.