17.08.2022
17:11
1055
Әлихан Смайылов TAV Airports Holding компаниясының басшысымен кездесті

Әлихан Смайылов TAV Airports Holding компаниясының басшысымен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптанмен кездесті, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар авиация саласындағы ынтымақтастық, Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминал салу, сондай-ақ Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту мәселелерін талқылады.