Әлібек Қуантыров жалдамалы пәтер бағасының қашан тұрақтанатынын айтты

27 Қыркүйек 2022, 11:49 1293

Пәтер иелері мен жалдап тұратын адамдардың арасында қағаз түрінде келісім шарт болуы қажет.

Өңірлердегі жалдамалы баспана бағасының қымбаттауына байланысты Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz.

«Бұл жағдайды біздің қолдан жасап отырғанымыз жоқ, пәтерді жалға беретін иелерінің өздері бағаларды көтеріп жатыр. Бұл тек олардың жауапкершілігі. Бірақ оларды да бақылауға алу керек. Бұл іске әкімдік қарайды. Қазіргі таңда елімізде болып жатқан жағдайлар уақытша құбылыс. Уақыт өте келе өз қалпына келеді. Баға тұрақтанатын болады», - деді министр.

Министрдің айтуынша, пәтер иелері мен жалдап тұратын адамдардың арасында қағаз түрінде келісім шарт болуы қажет. Сондай-ақ әр жалға алатын азамат өз құқықтарын білу керек.


Миражан Махан
Бөлісу: