ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсылық танытқандардың петициясы қаралады

9 Маусым, 22:35 527

«E-Petition.kz» ресми порталында «Біз ҚР-дағы ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз» петициясы ресми қаралуы үшін қажетті қол жинады, деп Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанның ӘРПК-нің 90-4-бабына сәйкес, 50 000 қол жиналғаннан кейін Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 90-5-бабына сәйкес, петицияны қарау мерзімі – оны тіркеген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі уақыт аралығын қамтиды. 
 
Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құралған жұмыс тобының қызметін ұйымдастырады. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетін болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: