Әлеуметтік сауалнама: Тоқаевқа қазақстандықтардың 83%-дан астамы сенім артады

30 Маусым 2022, 17:10 1618

Зерттеуге Қазақстанның барлық аумағы бойынша 18 және одан жоғары жастағы 6 мың респондент қатысты

Биыл 9-28 маусым аралығында Qalaisyn.kz платформасында онлайн-сауалнама әдісімен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, сондай-ақ мемлекеттік органдарға сенімге қатысты әлеуметтік зерттеу жүргізілді, деп хабарлайды El.kz

Сауалнама деректері көрсеткендей, Мемлекет басшысы зор сенімге ие - оған қазақстандықтардың 83,63%-ы сенеді.

Әлеуметтік мониторинг қорытындысы сұралғандардың 78,81%-ы Мемлекет басшысы жұмысының қазіргі нәтижелеріне қанағаттанғанын көрсетті. Ал 59,37%-ы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымында болған кезеңінде елдегі жағдай жақсарды деп санайды.

Президентке деген сенім деңгейінің артуы байқалып отыр. Мәселен, сәуір айындағы деректерге сәйкес, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 70%-дан астамы Президентке сенім білдірген.

Сенімнің өсу серпіні конституциялық реформаның іс жүзінде жүзеге асырылуының басталуымен, алғашқы Ұлттық құрылтай өткізу сияқты ірі республикалық жобалардың іске асырылуымен, Мемлекет басшысының бірқатар елдегі белсенді сыртқы саяси қызметімен және ел үшін маңызды басқа да оқиғалармен түсіндіріледі.

Qalaisyn.kz платформасында биыл 21-23 маусым аралығында 18 жастан асқан 1200 қазақстандық арасында жүргізілген алдыңғы әлеуметтік сауалнама нәтижелері көрсеткендей, Мемлекет басшысының соңғы жетістіктерінің арасында Ұлттық құрылтайдың құрылуы ерекше жоғары атап өтіледі - қазақстандықтардың 74,52%-ы осы бастаманы қолдайды. Ал сұралғандардың 73,89%-ы оның жұмысының басталуына байланысты елдегі жағдайдың жақсаруын күтеді.

Бөлісу: