26.08.2022
13:27
1396
Жаңалықтар

Желіде иттерді сою орнын ұйымдастырғандар туралы бейнежазба тарады

Бүгін әлеуметтік желілерде белгісіз адамдар иттерді сою орнын ұйымдастырғаны туралы бейнежазба тарады, деп хабарлайды El.kz.

Аталған фактіні Алматы облысы Қарасай ауданы Полиция басқармасы назарға алып, ҚР ҚК-нің 316-бабы (Жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша қылмыстық іс тіркеді. Тексеру басталды. Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.