ЛЕОНИД ПРОКОПЕНКО: ТАРИХ КӨРСЕТКЕНДЕЙ, ӘРБІР ЖАҢА САЙЛАУ НАУҚАНЫ ХАЛЫҚТЫҢ БІРЛІГІНЕ ЫҚПАЛ ЕТТІ

1 Қараша 2018, 04:00 2438

Астанада «Сайлауда заманауи технологиялардың рөлі: стандарттарды жақсарту, қоғамдық сенім» тақырыбында халықаралық конференция өтуде.

Астанада «Сайлауда заманауи технологиялардың рөлі: стандарттарды жақсарту, қоғамдық сенім» тақырыбында халықаралық конференция өтуде.

Кеңестің ашылуында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан құттықтау сөзін оқыды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов, Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев, Төрағаның орынбасары –Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко және басқалары негізгі баяндамаларын оқыды.

Л. Прокопенко Қазақстанның сайлау жүйесіндегі ОСК-ның маңызды рөлін атап өтіп, сайлау органының құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтады, сондай-ақ Ассамблея мен ҚР ОСК арасындағы уақыт пен сайлау науқандарымен шынықтырылған өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың қалыптасқан ізгі қарым-қатынас дәстүрін ерекше атап өтті.

Ассамблея хатшылығының меңгерушісі ҚХА-ның жалпыхалықтық өкілдіктің бірегей институты ретіндегі рөліне тоқталды.

«Саяси жаңғыру аясында демократиялық тетіктерді, соның ішінде этностардың мүдделерін ескеретін сайлау тетіктерін нығайту мен жетілдіру тұрақты үдерісі жүріп жатыр.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихы әрбір жаңа сайлау науқаны халықтың бірлігіне ықпал еткенін, азаматтық қағидатында қазақстандық бірегейлікті нығайтуды ынталандырғанын көрсетті», – деп атап өтті Л. Прокопенко.

Қазақстан этникааралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің өзіндік үлгісін қалыптастыра отырып, негізінде Ассамблея тұратын Конституцияда, заңдарда этностар өкілдігінің өзіндік бірегей тетіктерін әзірлеп, бекітті.

«Мемлекет басшысы Ассамблеяның ХХ сессиясында кейбіреулер «ескіше»  ҚХА-ны этникалық азшылықтың өкілдігі деп ойлайды. Ассамблея – бұл бүкілхалықтық өкілдік! Бұл 18 миллион қазақстандық!», – деп Л. Прокопенко Президенттің сөзін еске салды.

Ассамблея «этникалық топтарға жататын адамдардың мемлекеттік істерге тиімді қатысу құқығын» іске асырады.

Ассамблея этностардың жоғары мемлекеттік деңгейде – Қазақстан Президентінің, сондай-ақ ел Парламентінде өкілдік ету функциясын қамтамасыз етеді.

Этностар тек Ассамблея депутаттары ғана емес. Сенаттың 47 депутатының 15-ін Мемлекет басшысы қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де маңызды мүдделерінің өкілдігін қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып тағайындайды.

«Ассамблеяның парламенттік өкілдігін құру этностардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша халықаралық стандарттарға – Копенгаген құжатымен, Лунд ұсынымдарымен, Хельсинк құжатының ұсынымдарымен толықтай сәйкес келеді», – деді Л. Прокопенко.

Парламенттің төменгі палатасында этностар өкілдері үшін 1-ден 10-ға дейінгі заңнамалық квоталар әлемнің 34 елінде (Италия, Финляндия, Дания, Португалия, Хорватия, Румыния және Словенияны қоса алғанда), Парламенттің жоғарғы палатасында әлемнің 17 елінде (оның ішінде Бельгияда, Босния және Герцеговинада) қарастырылған.

«ҚХА сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауын партиялық тізімдер бойынша Мәжілістің сайлауынан бөлек қарау қажет, онда ҚХА мүшелері таңдаушылардың арнайы алқасы ретінде (Парламент Сенаты сайлаған кезде) сайлау заңнамасының барлық қағидаттарын, соның ішінде тең сайлау құқығы қағидасын ұстанады», – деп атап өтті спикер.

Мемлекет тарапынан барлық азаматтарды сайлау үдерісіне тарту жөніндегі арнайы шараларды қабылдау сайлау жүйесіне сенім білдіретін фактор болып табылады.

Өз сөзін қорытындылай келе, Л.Прокопенко Ассамблея Орталық сайлау комиссиясымен сайлау үдерісін әрі қарай жетілдіру, сондай-ақ сайлау алдындағы халықтың сенімін арттыру мәселелері бойынша ынтымақтасуға дайын екендігін атап өтті.

Конференцияның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өткізілді, онда Қазақстан сайлау жүйесінің ардагерлері мен ұйымдастырушылары құрметтелді.

Сонымен қатар конференция шеңберінде «Қазақстанның сайлау жүйесін қалыптастыру мен дамытудың тарихи және құжаттық негіздері» атты көрме ұйымдастырылды.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

 

Бөлісу: