WBO тұжырымы бойынша жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Эмануэль Наваррете отандасы Сауль «Канело» Альварес 17 қыркүйекте өтетін Геннадий Головкинмен үшінші айқаста жеңеді деп есептейді, деп хабарлайды El.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Эмануэльдің пікірінше, «Канелоның» жасы мен салмақ дәрежесін ауыстырғандағы тәжірибесі басымдық береді.
«Мен мұнда уақыт маңызды фактор деп есептеймін. Өкінішке қарай, ол GGG жағында емес. «Канело» мықтырақ бола береді және GGG-дың әлсіреп келе жатқаны оның кінәсі емес. Бұл табиғи процесс. «Канело» өзін ауыр дивизиондарда сынап көрді. Бұл оның басымдығы болмақ.
«Канело» қатты сенімді болуға мүмкіндік бермейді, себебі GGG оның міндетін қиындатуы мүмкін. Бірақ, ол Головкинді нокаутқа жіберуге тырысып көреді. Егер Геннадий төрешілердің шешімімен жеңсе, «Канелоға» құрметпен қарамайды деп ойлаймын», - деді Наваррете DAZN-ға берген сұхбатында.