Ләйлә Сұлтанқызының жас кездегі суреті көпшілікті таңғалдырды

Бүгiн, 18:44 178

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жас кезіндегі суретін жариялап, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тележүргізуші өзінің бала күтіміне байланысты демалыста түсірілген суретін салып, аналарды мойынсұнбауға шақырды.

Декреттің де соңы бар. Берілмейміз, қыздар. Кімге жіберу керек екенін білесіздер, - деп жазды Сұлтанқызы.

Оқырмандар тележүргізушінің суреті шынымен де мотивация екенін жазып жатыр.

«Сіз де біздей болғансыз, біз де сіздей болармыз», «Адамды ақша өзгертеді деген рас», «Мынау енді мотивацияға толы сурет екен», «Сізді танымай, бірінші суретті көріп мына әйелге не болды екен деп қалдым ғой», «Бірінші суреттегілер біргеміз», «Бәріміздің басымыздағы жайттан бұл кісі де өткен екен ғой», - деп жазды көпшілік.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: