Латвиямен көлік-логистикалық байланыстарды нығайту басты назарда

13 Ақпан 2023, 13:42 1184

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Латвия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Ирина Мангулені қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық қызметті дамытуға назар аудара отырып, саяси және парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Сұхбаттастар Қазақстан мен Латвия арасындағы, атап айтқанда, Рига, Вентспилс және Лиепай порттары арқылы жұмыс істеп тұрған дәлізді нығайту қажеттілігін және екі ел арасындағы тауар айналымының ұлғаюына әсер ететін жаңа маршруттар мен баламалы дәліздер құруда ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін атап өтті.

Мәселен, қазақстандық статистикаға сәйкес, 2022 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2021 жылмен салыстырғанда 3,7 рет ұлғайып, 216,2 млн АҚШ долларды құрады. 2022 жылдың екі тоқсанында Латвиядан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 1,7 рет ұлғайып, 22,7 млн АҚШ долларды құрады.

Бұл ретте, Қазақстаннан Рига порты арқылы 2022 жылы 1,05 млн тонна жүк тасымалданды, оның 1,03 млн тоннасы – көмір. Вентспилс порты арқылы 3,2 млн тонна жүк тасымалданған. Лиепай порты арқылы Қазақстаннан 36 мың тонна көмір мен 36 мың тонна алюминий құймалары ауыстырып тиелді.

Р. Василенко қазақстандық тараптың осы серпінді қолдауға жан-жақты жәрдемдесуге дайын екенін және Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы ретінде ағымдағы жылы Ригада жоспарланып отырған ҮАК шеңберінде осы мәселелерді одан әрі пысықтаудың маңыздылығын атап өтті.

Екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы тұрақты саяси диалогты атап өтіп, дипломаттар жақын арада сімаралық консультациялардың кезекті раундын өткізуді жақтады.

2023 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарында саяси және сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететін бірқатар іс-шаралар мен өзара сапарлар мәселелерін талқылады.

EL.KZ
Бөлісу: