Лагерьге бара жатқан бала пойызда көз жұмды

7 Тамыз 2023, 10:10 1466

Қайғылы оқиға Атырау-Астрахань бағытындағы пойызда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бала қатарластарымен және төрт тәлімгермен бірге лагерьге бара жатқан. Балалар өздері тамақтанып отырған.

ҚТЖ мәліметінше, пойыз қозғалған соң араға 1-1,5 сағат салып бала өзін жайсыз сезіне бастаған. Пойыздағы бригада нұсқаулыққа сәйкес әрекет етті. Жедел жәрдем шақыртылып, олар Нарын станциясынан күтіп алған. Дәрігерлер келгенге дейін бала қайтыс болған.

Өлімге не себеп болғаны сараптамадан соң анықталады. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: