Квазимемлекеттік сектордың әкімшілік персоналы 25 пайызға қысқарды

24 Қазан 2023, 00:30 1419

ҰЭМ-де Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қатысушылар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа әкімшілік реформа, сондай-ақ бәсекелестік және мемлекет иелігінен алу мәселелерін қарастырды.

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруды және мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылтуды көздейтін әкімшілік реформа туралы баяндады.

Ағымдағы жылы Үкіметтің 500-ге жуық функциясы орталық мемлекеттік органдарға берілді, жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктері кеңейтілді (21 функция), сондай-ақ бюрократиядан арылту мақсатында формальды сипаттағы 364 функция алынып тасталды.

Бүгінгі таңда Министрлік ЖАО өкілеттіктерін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда, оның шеңберінде 200-ден астам функциялардың тізбесінің алдын ала қалыптастырылған жобасы бойынша, оның ішінде 100-ге жуық функцияларды аудандық әкімдіктерге беру бойынша мемлекеттік органдардың тыңдаулары өтуде.

Жалпы, әкімдіктерге қосымша функциялар беру олардың штаттық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін ескере отырып, кешенді түрде жүргізілетін болады.

Өз кезегінде, ҚР ҰЭМ Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры Жадыра Темірбаева соңғы үш жыл ішінде квазимемлекеттік сектордың әкімшілік персоналы 25% -ға, өнімді емес шығыстар 15% -ға дейін қысқартылғанын айтты.

Бұдан басқа, квазимемлекеттік сектор субъектілерін бәсекелестік ортаға беру, компанияларды дамыту стратегиясы шеңберінде оларды қайта ұйымдастыру жалғасуда. Бұл жұмыс жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде жүргізіледі, оған 658 мемлекеттік меншік объектілері мен квазимемлекеттік сектор кіреді.

Сондай-ақ, "Самұрық-Қазына" қорының ірі компаниялары арасында жекешелендіруге "ҚазМұнайГаз", "Эйр Астана", "Самұрық-Энерго", "QazaqGaz" және "Қазақстан Темір Жолы" ұсынылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: