Күзде саяхаттауға ыңғайлы әрі арзан 6 ел

12 Қазан 2017, 16:03 9051

Барқыт маусымында қайда саяхат жасауға болады?

Бұл мезгілде кей жерлерде жаңбыр маусымы аяқталып, аптап ыстықтың беті қайтып жағажай демалысын өткізуге ыңғайлы уақыт туады. Оның үстіне туристердің аяқ алысы басылып, шарықтаған бағалар құны да қалыпқа келе бастайды. Қазан мен қарашада Еуропада айтарлықтай салқындайды. Сондықтан бұл мезгілде Африка мен Азияға көз тіккен дұрыс.

Вьетнам

Қазан-қараша айларында Фантьет, Фукуок немесе Вунгтауды таңдаған жөн, себебі мұнда жылы және күн шуақты. Ал басқа өңірге саяхаттасаңыз, өткінші жаңбыр әбігерге салуы мүмкін. Вьетнамда көңіл-көтеру орындары  да жетерлік: давинг, теңіз серуені, сан түрлі экскурсия. Бұл елге жолыңыз түсе қалса, вьетнамдық соғыстардың ізі жатқан Кути туннеліне баруды ұмытпаңыз.

Үндістан

Гоа – бұл танымал үнді шипажайы. Мұнда жылы, арзан әрі уақытыңызды көңілді өткізуге жақсы жағдай жасалған. Қазан айында жаңбырдың аз түсуінен теңіз толқындары тыныш тауып, құрғақ маусым басталады. Штаттың солтүстігі – көңілді кештер мен фестивальдар жиі өтетін мекен. Сондай-ақ, Гоадағы тұрғын үйлердің төмен бағасы да көңіліңізден шығады. Ал Гоаның оңтүстігіндегі жағажай у-шусыз, алаңсыз демалуға мүмкіндік береді.

Кипр

Қазан мен қараша айларында Кипрде жаздан да керемет маусым басталады. Арзан бағада демалғысы келетіндер үшін таптырмайтын жер. Экскурсиялағанда Киус монастыры, Омодос пен Лефкару ауылдарын аралап, Пафос археологиялық саябағына барыңыз.

Марокко

Жағажай демалысы үшін Танжер мен Агадирге аттануға болады. Жергілікті колоритті тамашалау үшін Фес пен Марракешке, экстремалдық көңіл көтеру қажет болса, Сахараға экскурсияға барыңыз.

Тайланд

Тайланд жылдың кез келген айында саяхатшылардан көз ашпайтын мемлекет. Қазан айының соңына таман ауа-райы қалыпқа түсіп, Паттайя мен Краби жағажайларында тамаша маусым орнайды. Күз мезгілінде Сиам аралындағы шығанаққа барудың қажеті жоқ. Себебі, жиі жауған жаңбыр демалысыңыздың сәнін кетіреді.

Тайландтағы «Сиам Паркіндегі» аттракцион, жыландар фермасы секілді орындар сіздің көңіліңізден шығады. Сондай-ақ, Паттайядағы пілдер ауылы мен «Нонг Нуч» ботаникалық бағы саяхаттауға таптырмас орындар.

Шри-Ланка

Күз айының соңғы айында оңтүстік-шығысқа қарай бағыт алғаныңыз дұрыс. Дәл осы уақыттары ылғалды маусым шегіне жетіп, шуақты күннің уақыты келеді. Шри-Ланкаға жолыңыз түссе, міндетті түрде Нувара-Элия қаласына сапар шегіңіз. Мұнда сіз атақты цейлон шайының алқабын аралай аласыз.

Дана Мәулен
Бөлісу: