27.11.2023
14:00
12067
Күйеуі түрмеде отырған блогер Cover Show-ға келді

Күйеуі түрмеде отырған блогер Cover Show-ға келді

Mudarabah Capital қаржы пирамидасын ұйымдастырған Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева "Хабар" телеарнасындағы Cover Show-да өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Желі қолданушылары блогердің қазақша ән айтқанына таңданысын жасырмаған. 

"Әдемі айтып тұр", "қазақша анық айтады екен", "Бар мұңы көзінде тұр, білдірмей билеп жүр", "Мықты әйел екен", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Айта кетейік, сот Мейіржан Төребаевқа ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын. Вайнер мен блогер Дана Есееваның 5 баласы бар.