Күйеуі қайтыс болған Ләйлә Сұлтанқызына тұрмысқа шығуға ұсыныс жасалды

19 Желтоқсан 2023, 19:54 68390

Әзілкеш Нұрболхан Шарапов тележурналист Ләйлә Сұлтанқызынан кешірім сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ләйлә Сұлтанқызы! Кешірші мені. Түсінем, 4 жыл бұрын менің балалығым да, шалалығым да болды. Сенің де қателігің болған шығар?! Сол жерде бәрі быт-шыт болып кетті. Дүйім жұрттың көзінше сізден кешірім сұраймын, – деп журналисті сахнаға шақырды. 

Әзілкеш қолындағы гүлін ұсынып тұрып: “Маған тұрмысқа шығасыз ба?!” деп жұртты ду күлдірді. 

Еске салайық, тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін отандық бағдарламада көтерілген тақырыптардың бірі жайдарманшының шамына тиіп, ол бағдарламаны қатаң сынға алған болатын. Алайда бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы Нұрболханның бұл сынын орынсыз санап, оны жеке басыма тіл тигізді деп айыптап, сотқа берген. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: